Ұсынылып отырған «Кәсіби қазақ тілі. Ақпараттық жүйелер мамандығына арналған №1, № 2 өздік жұмыстарды орындауға арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулықтар» КК(О)Т 2201 Кәсіби қазақ тілі 5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығының үлгі оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған (көлемі 2 кредит). СӨЖ орындаудың негізгі мақсаты – коммуникативтік әдісті басшылыққа ала отырып, шәкірттерді заманауи еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, тілдік біліктілігі жоғары, өмірдің барлық салаларына араласып, мемлекеттік тілде жазбаша және ауызша ой-пікірін білдіре алатын тілдік тұлға ретінде қарастыру. №1, № 2 студенттердің өздік жұмыстарының міндеті: - шәкірттің коммуникативтік іс-әрекет кезінде қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық, синтаксистік құрылысының негізгі түрлерін пайдалану дағдыларын қалыптастыру; - энциклопедиялық, түсіндірме және терминологиялық сөздіктермен жұмыс істеу ептілігін қалыптастыру; - іскерлік, кәсіби қатынас этикасының ережелерін біліп, оны іс жүзінде қолдана білу машығын қалыптастыру; - шәкірттің кәсіби-техникалық әдебиеттермен жұмыс істеп, кәсібитехникалық мәтіндерді талдауға, екі жақты аударманы жүзеге асыруға ептілігін қалыптастыру; - шәкіртті ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға бейімдеу. №1, № 2 студенттердің өздік жұмыстары зерттеу, ізденіс және шығармашылыққа негізделіп, жазбаша түрде орындалуы керек.