Пәннің қысқаша сипаттамасы

 

Курс аясында студенттердің лингвистикалық дағдысын қоғамдық қарым-қатынаста және кәсіби қызметінде қолдануы көзделеді. Меңгерілген білім мен біліктілігін кез келген жағдайда пайдалана алуы және тілді мәдениеттің бір көрінісі ретінде құрметтеуі тіл үйренушілердің лингво-мәдени құзыретінің деңгейін көрсетеді. Сондай-ақ студенттер қазақ тілінің функциональдық стиль түрлерімен, әсіресе, ауызша сөйлеу және ғылыми стиль түрлерімен танысып, БАҚ материалдарын, Интернет ақпараттарын, ғылыми әдебиеттер мәтінін қамтитын түрлі тапсырмалар, лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау арқылы мемлекеттік тілде жан-жақты біліктілігі бар тілдік тұлға ретінде қалыптасуына басымдық беріледі.

 

Пәнді оқытудың мақсаты:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін болашақ кәсіби ортасында қолданыла білу құзыретін қалыптастыру.

 

Пәнді оқытудың міндеттері:

- фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, орфоэпиялық нормаларды сақтай отырып, мәтіндер әңгімелеу (сөйлеу) дағдысын игерту;

- өз ойын ойын жүйелі түрде жеткізге  білуге баулу;

- ресми-іскерлік, ауызекі сөйлеу тілінің және кәсіби, ғылыми-публицистикалық лексемаларды меңгерту;

- адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу және лингвомәдени құзыретін қалыптастыру;

-       тілдік қызметтің барлық түрлерін, оқу мен жазуды, өзара байланыста қабылдау әрекеттеріне  (сөйлесу) және медитацияға (арнайы мәтіндердің аударылуына) дағдыландыру;

-       ғылыми мәтіннің құрылымына талдау жасау, ғылыми мәтіндер құрастыру, жалпы қолданыстағы клишелерді қолдана білу.

 

Студент біледі:

- қазақ әдеби тілінің және оның стилистикалық нормаларын;

- мәтіннен және мәнмәтіннен негізгі ақпаратты бөліп алуды;

- ауызша сөйлеу стилінің түрлері мен нормаларын;

- жариялы түрде сөйлеу, пікір талас түрлерін (ойтолғау, сөзталас, дебат, ойкөкпар және т.б.), оларға қойылатын талаптарды;

- болашақ мамандығына байланысты кәсіби және ғылыми терминдерді;

- жазбаша тілге немесе қазақ тілінің ғылыми стиліне (сыни пікір, аңдатпа, баяндама, мақала жазу және т.б.) қойылатын талаптар мен нормаларды;

- ауызша тілге (диалог, монолог, полилог, сұхбат құру т.б.) қойылатын талаптар мен шарттарды;

- аударма жасау тәсілдерін;

- қазақ және орыс тілдерінің құрылымдық ерекшеліктерін;

- мәтін бойынша жоспар құруды;

- мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға үлес қосу міндеттерін;

- халықтардың, адамзаттың құндылығын, тарихи категорияларды.

 

Студент дағдыланады:

- тілдік ережелерді сақтай отырып, дұрыс әрі сауатты сөйлеп, жазуға;

- ұсынылған мәтінге талдау жасауға, ой қорытуға, өз пікірін білдіруге;

- грамматикалық, орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды сөйлеу, жазу барысында қолдана білуге;

- түрлі лексемалар мен клишелерді жағдайлық тапсырмалар барысында пайдалана білуге;

- жағдаяттарға талдау жасап, сыни тұрғыдан ойлауға;

- мемлекеттік тілдің қолданыс аясының кеңеюіне үлес қосуға;

- тіл фактілерін мәдениет құндылығы ретінде бағалауға және құрметтеуге.